Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлықтар пластмасса асықтар шығарып сата бастады

Дүкендерде Қытайда жасалған пластмасса асықтар сатылымға шықты. «Шығыстың сүйек ойыны» деп аталатын тауарды Олег Левиков есімді Шымкент тұрғыны «Одноклассники» желісінің парақшасында жариялаған.

Безымянный

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Асық ойнау – Орта Азидағы кең таралған ойын түрі. Асықты әдетте жер аяғы кеңіп, күн жылынғанда ойнайды. Оны қойдың асықты жілігінен алады.

Қолданушының жариялаған суретіне көпшілік пікір қалдырып, бала күнгі ойындарын есіне алды. «Кәдімгі қойлардың асығын алып, тазалап солармен ойнайтын едік. Әр аймақтың ойындары салт-дәстүріне байланысты негізделетін секілді. Ал, мыналар тек пластмассадан жасалған түрі ғана» деп жазады қолданушылардың бірі.

Талқылау