Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлыққа тұрмысқа шыққан қыз: Ұлдарымды құжатта қазақ деп жаздырдым

Осы уақытқа дейін отандық БАҚ-та қытайлыққа тұрмысқа шығып, екі ұлды дүниеге әкелген қазақ қызы туралы мақалалар жазылған болатын. Келіншек шетелде жүріп табысқа жетіп, өзінің жеке бизнесін дөңгелетіп отыр. Айжан ауыр дертке шалдыққан анасына қарайлап, университеттегі грантынан айырылып қалмау үшін барын салған. Қытайлыққа тұрмысқа шыққаны үшін жағымсыз пікірдің астында қалған келіншек қазақстандықтарға хат жолдады.

0c37d814ddd89f06e53f9de100123d8f

Бұл туралы Pandaland.kz басылымында жазылды.

“Менің Қытайдағы өмірім туралы мақала жұртты шулатты. Мені сынайтын адамдардың бар екенін білетінмін. Бірақ, мұншалықты жерден алып, жерге салады деп ойламаппын. Маған және балаларыма бағытталып түрлі жағымсыз пікірлер айтылды. Өз-өзіме келу үшін өте көп уақыт қажет болды. Мен сіздерден аралас некеге түсіністік танытуларыңызды сұраймын.

Біріншіден, кімге тұрмысқа шығатынымды мен өзім шешемін. Қытай азаматына тұрмысқа шығамын деп мүлдем ойламаппын. Бірақ, бұл таңдауым үшін өкінбеймін. Менің балаларым Қазақстанда туды және төлқұжаттарында қазақ ретінде тіркелген. Қазақстанның азаматтығын алу үшін қаншама қағаздар жөндетуіме тура келгенін сіздер, тіпті, білмейсіздер.

0fc60685f786b4d3257e638c702a7781

Мені – сатқын, балаларымды қытайлықтар деп тас лақтырған адамдарды түсінбеймін. Меніңше, интернет адамдарға тым көп мүмкіндік беріп қойған сияқты. Бүгінде адамдар көңіліңе қарамастан, жерден алып, жерге салуға дайын. Осыншама негативтен кейін өзімді Отаныма керексіз сезіндім.

Көптеген отандастарым менің не себепті қазақ жігітіне тұрмысқа шықпағанымды түсінбей жүр. Біз өзгенің бақытына бір кісідей қуанып, бір-бірімізге сый-құрмет көрсете білуіміз керек. Мұнымен қатар, қазақ жігіттеріне айтарым бар. Маған ертерек тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірулері керек еді. (Күлді.) Менің қытайлыққа тұрмысқа шыққаным Қазақстанды сүймейтіндігіммен байланысты болмауы тиіс. Керісінше менің Отаныма деген махаббатым үдей түскендей.

7e1c31092b19f9bac82101f5b8de8649

Мен секілді қыздар көп. Осындай негатив кейін қазақтығымызды сақтап қалуға деген ұмтылысымызды жойып жібереді. Қоғамның пікіріне еліктемей түп-тамырыңды құрметтеудің маңызы зор. Қайда жүрсем де, Қазақстан менің жүрегімнің және балаларымның бір бөлігі болып қала береді. Сол себепті, дұрыс шешім қабылдап, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына түсіністік танытайық. Шыдамды әрі мейірімді болайық”, – дейді Айжан Райымбекова.


Жіберіп алмаңыз:

Лидия Кәденованың келіні жұртты ән айтып таңқалдырды (видео)

Желідегілерге шамданған Лидо киімдердің неге қымбат болатынын түсіндірді

Жазира Байырбекова мен әнші Аиша телехикаяға түсуде (видео)

Асхат өзінің Еркемен қарым-қатынасына қазіргі келіншегінің қалай қарайтынын айтты

Талқылау