Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық жұбайлар 54 жыл бойы үңгірде өмір сүрген (фото)

Қытайлық жұбайлар 54 жыл бойы үңгірде өмір сүрген. Наньчун қалалық округының маңындағы үңгірден жұбайлардың көшкісі жоқ, деп хабарлады People’s Daily Online.

383C9ACD00000578-0-image-a-8_1473676926675

383C9AC500000578-0-image-a-7_1473676920962

383C9ABC00000578-3785175-image-a-9_1473678333744

 

81 жастағы Лян Цзыфу (Liang Zifu) мен 77 жастағы Ли Суин (Li Suying) үйлену тойынан кейін үңгірге қоныстанған. Себебі олардың үй салуға мүмкіндіктері болмаған. Жарты ғасырдан аса уақытта жұп үңгірде үш жатын бөлме, ас үй және шошқа сарайын ыңғайластырған. Жұбайлардың осы үңгірде өскен төрт баласы бар.

Басылымның хабарлауынша, жергілікті билік өкілдері жұбайларды райынан қайтаруға тырысқан. Алайда 50 жылдан аса отасқан жұп бұл ұсыныстан бас тартқан. Зейнеткерлер қыста жылы, ал жаздың аптаған ыстығында салқын болып тұратын үңгірге үйреніп қалғандарын айтқан.

2015 жылдың қаңтарында американдық Ли Вочтстеттердің 7 жыл бойы круиз лайнерінде өмір сүргені хабарланған болатын. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің Флоридадағы үйін сатып, күйеуінің өлер алдындағы тілегін орындаған. Жолдасы Вочтстеттерге: «Ешқашан круизді тоқтатпа», – деген екен.

 

Талқылау