Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық жігіт Қазақстанның әнұранын орындады (видео)

Әлемнің он бес тілін еркін меңгерген қытайлық Люй Сяң алғаш шет тілдерін үйренуді қазақ тілінен бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлт порталына сілтеме жасап.

Қытайлық жігіт Қазақстанның әнұранын орындады

Ол қазақ тілін арнайы курстарға қатыспай, шыңжаңдық достарынан үйренген екен. Люй тек қазақ тілін ғана емес, сонымен қатар басқа да шет тілдерді өздігімен үйренген.

«Қазақ тілімен танысуым университетке қабылданған кезден басталды. Ол кезде жатақханада тұратынмын. Көршім Нұрлан деген шыңжаңдық қазақ болды. Ол қытайша өте жақсы сөйлейтін. Бірде оның өзге тілде сөйлегенін естіп, бірден қызығушылығым оянды. Бұл тіл жайлы сұрап, үйретуін өтіндім. Ол бірден келісті. Содан соң қазақ тілі деген кітап сатып алып, оқи бастадым. Нұрлан кирилл әріптерін білмегендіктен, ережелерді өз бетіммен оқып, үйренуге тура келді. Кирилл әріптерін мектепте жүргенде аздап оқи алатынмын, сондықтан ол жағынан аса қиыншылық туған жоқ. Қазақ тілінің арқасында көптеген қазақ достар таптым. Олармен үйренген дүниемді пысықтап отырдым», – деген Люй Сяң.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау