Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық түсінде шошқа етін жеймін деп қолын тістеп алған

Чжэцзян аймағында қытайлық түсінде шошқаның сирағын мүжіп жатқанын көріп жатып өзінің қолын қатты тістеп алған. Білегін тым қатты тістеп алғандықтан, үйіне қонаққа келген туысқаны оны ауруғанаға алып баруға мәжбүр болған.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Еліндегі әйгілі тамақты түсінде жеймін деп жігіт білегіндегі терісін сыдырып жіберген. Артынша тістеген жерінен тоқтаусыз қан аққан.

Бөлесі ағасы суицид жасады деп ойлап, жедел жәрдем шақырған. Қытайлық сақшыларға мұндай ойы болмағанын айтты. Оның айтуынша, түс көріп жатып, қолын тамақ екен деп қалған. Мұнымен қатар, өзінің айкезбе екенін де айтты.

South China Morning Post қытайлықтың жасы мен жарақатының қандай дәрежеде екенін атап көрсетпеді.

Қытай асханасында шошқа еті жиі пайдаланылады. Бұдан өзге бағасы да қымбат. Оны әртүрлі тағам әзірлеу үшін пайдаланады.

Талқылау