Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық телефоннан бас алмай келе жатып, суға батып кетті (бейне)

Қытайда ұялы телефонынан көз алмай жүріп келе жатқан әйел байқаусызда каналға құлап, суға батып кетті.

tel2

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды


Оқиға Қытайдың Вэньчжоу қаласының маңында орналасқан ауылдардың бірінде болған. 28 жастағы әйелдің күйеуі жұбайының өлімі жайлы полициядан білген. Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері марқұмның сыңар аяқкиімін судан тауып алған.

Ал, әйелдің қалай құлағаны көше ортаcындағы бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Осыған байланысты жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарын ұялы телефонды пайдалану сәтінде сақ жүруге шақыруда. 

Талқылау