Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық робот жалғыз өзі тіс емдеу отасын жүргізді

Бүгінде қытайлық робот 4,8 секунд ішінде науқасқа диагноз қойып, адамдарды емдеп жатыр. Жуырда оның тағы бір серігі пайда болды. Ол тіс емдеу отасын жалғыз өзі жүргізе алады.

Бұл туралы takiedela.ru басылымы хабарлайды.

Робот адамға ота жасайтындықтан, қытайлық мамандар оның бағдарламасын 5 жыл бойы жасаған. Енді олардың еңбегі өз жемісін беріп отыр. Жасанды сана адамға 0,2 мм көлеміндегі имплантты қойды.

Бұл роботтың алғашқы жұмысы болғандықтан, оны бірнеше хирург маман бақылап тұрған. Небәрі бір сағаттың ішінде Сиань қаласының тұрғыны өзінің жаңа тісімен мақтану мүмкіндігіне ие болды.


Жіберіп алмаңыз:

Комада жатқан науқас аппаратын өшіретін кезде оянып кеткен

Трамвай астына әдейі секірген баланың жағдайы белгілі болды

Алматылық ер адам мойнында пайда болған алып ісікті емдей алмай жүр

Ғалымдар: Ұйықтамау арқылы күйзелістен арылуға болады

Талқылау