Қытайлық отбасы аталары қиқымдап тастаған 21 мың доллар ақшаны үш ай бойы желімдеп, қалпына келтірген

Бейсенбі, 21 Қаңтар , 2016 8:39

Қытайда жасы келіп қалған бір қарт жүз қырық мың юаньді ($21000) майдалап кесіп тастайды. Таяуда ғана үйін 200 мың юаньға сатқан қария ұлының қолында тұру үшін көшіп барған екен. Қомақты соманы ол өз бөлмесінде тығып ұстаған.

қытай

Бірақ, күн өткен сайын ақшаны баласы мен келіні тартып алатындай болып көрінген ол, ақыры 140 мың юаньді (21 мың доллар) қайшымен майдалап кесіп тастапты. Қалған алпыс мың юаньді де кеспек болған жерден әкесін баласы тоқтатады. Ақыры соншама соманы ысырап етпес үшін қарттың әйелі мен ұлы отырып алып, қиылған ақшаны қайта желімдеуге кіріседі.

Олар әр күн сайын кешкі жетіден түнгі сағат он екіге дейін ақша жамаумен айналысқан. Сөйтіп, олар бүкіл ақшаны үш айдай уақыт бойы құрастырып, желімдеп, банкке апарып өткізіп, орнына жаңа банкноталар алған екен. Маңдай термен бүтінделген қомақты қаржыны отағасы қайтадан түртпес үшін отбасы банкке салып тастапты, деп хабарлайды informing.ru-ға сілтемемен 24.kz.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар