Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық қыз қарлы боран салдарынан ұшақта жалғыз өзі ұшқан

Fox News мәліметінше, China Southern Airlines компаниясы ұшағының ұшу уақыты қарлы боран салдарынан бірнеше сағатқа кейінге қалдырылған. Сонлықтан тегі Чжан Қытай саяхатшысы Гуанчжоу-Ухань рейсінде жалғыз өзі ғана  жолаушы болған.

pic_654327ad0047725da9a4b281022afb68

Сурет weibo.com желісінен алынды

Ал, өзге жолаушылар ұшақты күтпей оған дейінгі рейстермен ұшып кеткен.

Саяхатшы қыз бұл жайында Weibo әлеуметтік желісінде жариялаған. Ол бірнеше сурет жариялап, астына хабарлама жазған. “Ұшақта мен ғанамын. Иә, жалғыз жолаушымын. Мен өзімді әдеттен тыс бай сезініп отырмын”, – деп жазады Чжан.

Мәліметтерге сүйенсек, Гуанчжоу провинциясына бірнеше ұшақ рейсі кешіктірілген. Қытайлық қызға кешіктірілген ұшақты 10  сағат күтуге тура келген. 7-нен 8-іне қараған Жаңа жылды қарсы алуға асыққан өзге жолаушылар басқа рейстермен кетіп қалған.

Айта кетейік, бұған дейін австриялық блогер-саяхатшы Алекс Саймон Филиппинде Манила-Боракай рейсінің ұшағында жалғыз жолаушы болып ұшқан. Ұшақ Philippine Airlines компаниясына тиесілі болған. Алайда, қызметкерлер дәл сол күні неліктен өзге ешкімнің Боракай аралына барғысы келмегенін дөп басып айта алмады.

Талқылау