Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық компания Алматыдағы метро құрылысын қолға алуға ниетті

Синьцзяндық сауда-индустриялық «Сан Бао» корпорациясы Алматыдағы метрополитен құрылысының екінші кезеңіне қатысуға құлық танытты.

5848e70e00633c48fdc2b20b0d1

Сурет: kapital.kz 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүған дейін Алматыда 2019 жылы екі сатансаның қолданысқа берілетінін хабарлаған едік.

Алматыда метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезеңі жүріп жатыр. Бағыт Алатау стансасынан басталып, Қалқаман мен жаңа автовокзалға дейін жалғасады.

Компания басшысы Се Юн Фанның айтуынша, Қазақстан нарығы «Сан Бао» компаниясы үшін өте маңызды.

«Бүгінгі күні Көкшетауда 2 миллион тонна болат заводының құрылысы жүріп жатыр. Қазір біз Алматыдағы метро құрылысын қолға алуға байланысты келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл біз үшін маңызды жоба. Сондықтан ұсынысымыз оң нәтижесін береді деп үміттенеміз», – дейді Юн Фан.

Талқылау