Қытайлық қандасымыз Сайрагүлдің жанынан табылып, қолдау білдірген Меруерт Түсіпбаеваға жұрт риза болды

Қытайлық қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың ісі бірнеше ай бойы қоғам назарында болды. Балаларына жетем деп түрмеден бір-ақ шыққан әйелдің сот залынан босап шыққаны да көпшілікті қуантып тастады. Тіптен отандық жұлдыздар да сүйінші сұрасып, қуанышына ортақ екенін білдіріп жатыр. Ал істің басы-қасында болып, жанашырлық танытқан Меруерт Түсіпбаеваға жұрт дән риза болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қытайлық қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың жанынан табылып, қолдау білдірген Меруерт Түсіпбаеваға жұрт риза болды

Әнші Меруерт Түсіпбаева қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты сот отырысы өткенде де сол жерде болып, қолдау білдірді.

«Адамдар бұл жерде бейқам жатуы мүмкін емес. Мен айтамын анасы мен баласын Алла Тағала ғана өз әмірімен бір-бірінен айыра алады. Адамдар ананы баласынан айыруға құқығы жоқ. Мен әнші ретінде емес, бүкіл Қазақстанның аналарының атынан, аналардың құқығын қорғайтын ұйымдардың атынан айтқым келеді: Баласын анасынан ажыратуға ешкімнің құқы жоқ», – деген еді әнші сұқбаттарының бірінде.

Күні кеше ғана аталған іске қатысты негізгі сот отырысы өтіп, Сайрагүл Сауытбай сот залынан босап шыққан еді.

Мұнан кейін Сайрагүлдің жанашырлары көптен күткен қуанышты жайтты атап өтті. Бұл жиыннан Меруерт Түсіпбаева да табылды.

«Сайрагүлмен жылап көрістік», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне тәнті болды.

«Сізге риза болдым. Адамның жан айқайын ести алатын жан екенсіз», «Өте қарапайым адам екенсіз», «Жарадың. Ән айтып қана қоймай, азаматтығыңды да көрсеттің», «Қазақтың нағыз қайтпайтын, тайлсамайтын қызысыз», «Әділет үлін күресуге атсалысқаныңызға рақмет! Көпке үлгі болдыңыз», – деген пікір қалдырушылар әншіге ақжарма тілектерін жаудырды.

Естеріңізге сала кетсек, балаларын көру үшін Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайдың тағдыры барша қазақстандықтарды алаңдатқан еді. Себебі бұған дейін қоғам белсенділері Қытайға қайтарылған жағдайда, Сайрагүлдің өлім не болмаса өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін екенін айтқан.

Күні кеше Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды. Көпшілік сот залынан босаған Сайрагүлді қошеметпен, гүлмен қарсы алды.

Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты.

Сот  Сайрагүлді 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза тағайындады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар