Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық инвестор “Милан” футбол клубын 600 млн евроға сатып алуға ниетті

Италиялық “Миланның” қожасы Сильвио Берлускони қытайлық инвестордың ұсынысын қарастыруға ниетті.

1452108432_m_580760fb5def6e2ca8eaf601236d5b08

Сурет footbaii-plyus.net сайтынан алынды

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Fininvest group компаниясы 600 млн евроға “Милан” клубының акциясын толықтай сатып алғылары келеді. Бірақ, Берлускони бұл саудаға қарсы. Әйтсе де аса ірі көлемдегі ақша оның ойын өзгертуі мүмкін.

Италияның бұрынғы премьер-министрі 79 жастағы Берлускони “Милан” клубын 1986 жылдан бері иелігінде ұстап келеді. Содан бері клуб Италия чемпионатын 8 рет ұтып, ел Чемпиондар Лигасын 5 мәрте жеңіп алған. Соңғы уақыттары клубтың ойынында дағдарыс орын алып, екі маусым қатарынан Чемпиондар Лигасына іліге алмай келеді.

Қытай жылдан-жылға футболға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы маусымдағы трансферлік терезе кезінде Қытай футбол лигасы Европа чемпионаттарында ойнайтын жұлдыздарды жинап, трансферлік рекорд жасады. Донецкілік Шахтердің көшбасшы ойыншыларының бірі бразилиялық Алекс Тейшейра 50 млн евроға қытайлық “Цзянсу Сайнти” қатарына ауысты.

“Романың” шабуылшысы Жервинью “Хэбэй Чжунцзи” ойыншысы атанды. 28 жастағы ивуарлықты алу үшін қытайлық клуб 15 млн евро жұмсаған. Ал “Челси” жартылай қорғаушысы Рамирес те Тейшейраның командаласы ретінде “Цзянсу Сайнти” қатарына қосылып отыр.

“Атлетико Мадрид” ойыншысы Джексон Мартинес те кәсіби мансабын Қытайда жалғастыруды жөн деп тауыпты. Трансферлік құны 42 млн евроны құраған. Колумбиялық ойыншы «Гуанчжоу Эвергранд» намысын қорғайды.

Талқылау