Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық директор нашар жұмыс істеген қызметкерлеріне ащы асқабақ жегізіп жазалады

Қытайлық Leshang Decorations компаниясының директоры өзінің ұқыпсыз қызметкерлеріне күштеп ащы асқабақ жегізіп, басқа әріптестерін осы кемсітуге куәгер етіп қойды.

1013557670

Фото: rian.com.ua

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Жазалаудың жаңа тәсілі туралы ақпарат қытайлық танымал WeChat әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен. Қызметкерлердің айтуынша, бұл жазалауға 100 адам арасынан 40 қызметкер ұшыраған.

Бұған дейін дұрыс жұмыс істемегендерді жүгіруге, жаттығу жасауға мәжбүрлеген. Бірақ, кейін бұл әдістің де әсер етуі азайып бара жатқанын байқапты. Енді жұмысқа салғырт қараған жұмысшыларды ащы асқабақпен қоректендіруге көшкен. Егер олар жей алмаса, онда тағы бір порциясын алып келеді екен.

Бірақ, осы әдістен соң бірқатар қызметкерлер шынындада сапалы жұмыс істей бастаған. Бірақ, бұл ретте әрбір екінші қызметкер компаниядан жұмыстан кетуді жөн деп тауыпты.

Талқылау