Блогер күнделікті 7 сағат ернін бояп, бір жылда 1,5 миллион доллар табыс тапты

Қытайлық блогер Ли Цзяци Taobao платформасында ерінге арналған далапты тексеріп, 2017 жылы 1,5 миллион доллар (494 миллион теңгеден аса) табыс тапқан, деп хабарлайды СhinaDaily басылымына сілтеп Stan.kz.

«Далап королі» атанып кеткен Ли Цзяци күнделікті 7 сағат бойы тікелей эфирде 300-ден астам далап түрін тексереді.

«Көптеген адам таңданады. Олардың ойынша, әйелдер косметикасы жөнінде кеңес беру үшін ер адамдардың тәжірибесі аз», – дейді Ли.

Алайда блогердің өзі бұл салада өзіндік артықшылығы бар екенін айтуда. Көптеген әйел күнделікті тек 3 далапты ғана тексере алады екен. Себебі ол еріннің нәзік терісіне зиян келтіреді. Ал Ли бір күн ішінде 380 далап түрін тексереді. Ал табынушылары оны «Темір ерінді аға» деп атап кеткен екен.

Лидің сөзінше, ол табынушыларына қажетті өнімдерді арзан бағаға сатып алуға көмектеседі. Кейде ол компаниядан өз табынушылары үшін жеңілдіктер мен купондар беруін сұрайды екен.

2017 жылдың соңында Лиді Цзянсудегі педагогикалық университетке оқытушы болуға шақырыпты. Ол Taobao Writing and Communications аталатын курс бойынша сабақ беретін болады.

Оқи отырыңыз:

Ұлыбританияда қатерлі ісікке шалдыққан бала қарындасы туылғаннан кейін қайтыс болды

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар