Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық бизнесмен 21-ші рет университетке түсуге тырысып жатыр

Қытайлық бизнесмен Лян Ши маусым айында университетке түсу үшін 21-ші рет талпынып көрмек.

85585

Бұл туралы The South China Morning Post хабарлайды.

“Институтта білім алмасаң өмірді толыққанды сүру болып есептелмейді”, – дейді 50 жастағы кәсіпкер.

Лян Шиді басылымдар “ең есерсоқ талапкер” деп атаған. Ол қазіргі таңда таңнан қара кешке дейін емтиханға дайындалып жатыр екен.

Алғаш рет ол жоғарғы оқу орынына 1983 жылы түсуге талап қылған, бірақ, жеткілікті балл жинай алмаған. Ал кәсіпкердің ұлы жоғарғы білім алған. 2016 жылы Лян Ши 750 ұпайдың 453-ін жинай алған. Осы жылы университеттерге түсу үшін 9 миллиондай талапкер емтихан тапсырмақ.

2001 жылы ел билігі оқуға түсу үшін жас шектеуін алып тастаған. Бұған дейін университетке тек 25 жасқа дейінгі жастар түсе алатын.

Оқи отырыңыз:

5 жасар балақай мульфильмің арқасында анасын ажалдан аман алып қалды

Сіңлісі 9 рет түсік тастаған әпкесіне егіз сәби туып берді

Бір жынысты секспен айналысқан екі тұрғынға 85 дүре соғылды

Вашингтон вокзалындағы алып экранда порно көрсетіліп кетті

Талқылау