Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық бағдарлама Димашқа қазақстандық арналарға сұхбат беруге тыйым салған

Димаш Құдайбергеновтың жан досы Алпамыс Шәрімов әншінің не себепті отандық арналарға сұхбат бермей жүргенін түсіндірді.

17662579_808886192602265_8337571427607642112_n

Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды.

Осы уақытқа дейін отандық басылымдарға Димаштың ата-анасы және достары сұхбат беріп келді. Әзірге Димаш отандастарымен тек әлеуметтік желі арқылы жаңалықтарын бөлісіп жүр. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес. Қытай бағдарламасы әншіге қазақстандық телеарналарға сұхбат беруге тыйым салыпты. Яғни келісім-шартқа сәйкес, Димаш белгілі бір мерзімге дейін ғана отандық телеарналарға сұхбат бермейді.

«Бағдарлама ұйымдастырушыларымен өзара келісім-шарт жасасқан болатынбыз. Аталған келісім-шартқа сәйкес, Димаш белгілі бір уақытқа дейін отандық арналарымызға сұхбат бере алмайды. Тіпті, қай мерзімге дейін екенін айтуға тыйым салынды. Бірақ алдағы уақытта Димаш Құдайбергеновтың отандық арналарға сұхбат беретіні сөзсіз», – дейді Алпамыс мырза.


Жіберіп алмаңыз:

Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Ұстаздары: Димаш мектеп кезінен Абайдың қара сөздерін жатқа айтатын

Димашқа астаналық жанкүйерлері ерекше құрмет көрсетті (фото, видео)

Талқылау