Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық азамат 61 жасында керемет дене бітім қалыптастыра алды (фото)

61 жастағы Қытай тұрғыны Лянь Сянь аса күрделі әрі тұрақты жүргізген жаттығудың арқасында танымал адамға айналды. Бұл ер адам қазір керемет дене бітімімен мақтана алады.

LiangXiang00

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Ол тіпті қазір “Дакар-2016” жарысына да қатысуды жоспарлап отыр. Осылайша марафонның ең қарт қатысушысы атанбақ.

LiangXiang03

Лянь Сянның ұлы және немересі бар. Бірақ, ата болса да кез-келген 30 жастағы кесек тұлғалы ер жігіттерден қалыспайды. Бұл физикалық форма – оған қанмен келген немесе арнайы препарат қабылдау нәтижесінде пайда болған емес. Бұл тұрақты жаттығудың нәтижесі.

LiangXiang08

Тіпті мұндай денені әйелдерге ұнай үшін қалыптастырды деп болжаудың өзі бекер. Ол бар болғаны физикалық тұрғыдан күшейіп, Оңтүстік Америкадағы раллиге қатысқысы келген.

LiangXiang07

Лянь Сянь ұзақ уақыт жергілікті фабрикада жұмыс істеп, 1991 жылдан бастап өз бизнесіне кіріскен. Ісі алға басып, өзі қаржы мол таба бастаған сәтте Лянь көп уақытын көлік тізгінінде өткізетін.

LiangXiang02

Ол өзін қанша жерден спортты серік еткен жан санаса да, жас көлік жүргізушілермен бәсекелесудің қиын екенін түсінді. Біресе энергия, біресе күш, біресе қырағылық жетіспей қалып жататын.

LiangXiang01

10 жыл бұрын оған бір досы өмірінде күрделі бұрылыс жасауды ұсынады. Яғни, спортпен айналысу. Сонымен арманға жетуге 50 жас та кедергі емес деп іске кірісіп кетеді. Сөйтіп жақын маңдағы спорт клубына бара бастайды.

LiangXiang05

Сосын диетасын да өзгертеді: күніне 7 рет тамақтанып, өмір бойы ас мәзірінен түспей келе жатқан еттен толықтай бас тартады. Осылайша, 61 жасында күтпеген жерден жергілікті танымал адамдардың қатарына қосылып шыға келді.

LiangXiang06

Лянь ұлымен бірге 2012 жылы “Дакар” раллиіне қатысып үлгерді.

LiangXiang09

Жіберіп алмаңыз:

Әйелдері семіздікпен мақтанатын 10 ел (фото)

Талқылау