Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел қатты ауырған соң ер адамдардың даусын естімейтін болып қалған

Қытай тұрғыны ер адамдардың даусын есту қабілетін жоғалтып алды.

Қаңтар айының басында тегі Чен қытайлық әйел құлағыны әлдебір дыбыс келетінін байқайды. Оның жүрегі айнып ауырады. Бір күн ұйықтап тұрсам айығармын деп ойлайды. Алайда таңертең  сүйіктісінің не айтып жатқанын естімей қалады. Бойжеткен ауруханаға барады. Ол жерде қыздардың даусын еститінін аңғарады

Отоларинголог Сяоцин науқастың тек төмен дыбысты дауыстарды еститінін айтты. Бұған күйзеліске түсуі себеп болуы мүмкін. Науқас соңғы кезде көп жұмыс істеп, ұйқысы қанбай жүрген. Дәрігер науқасқа ем жазып берді. Осыдан соң бәрі қалпына келеді деп сендірді.

Бұндай оқиға өте сирек кездеседі. Құлағы ауыратын 13 мың науқастың бірінде болады. Науқас бұл дертке шалдыққанын білмеуі де мүмкін. Мәселен, тоңазытқышты даусын естімеуі мүмкін, бірақ оны қалыпты жағдай санап жүре береді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау