Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық арықтау үшін 40 келілік тасты басымен көтеріп жүр

Қытайдағы Гирин провинциясының тұрғыны соңғы төрт жыл бойы арықтау үшін басымен 40 келілік ауыр тасты көтеріп жүруді әдетке айналдырған.

1466615689189146052

54 жастағы Цун Янь басындағы ауыр таспен күн сайын үш шақырымға жуық жерді жүріп өтеді. Ол бастапқыда басына 15 келілік ауырлық салған. Кейінірек одан да ауыр салмақты көтеруге талпынған. Оның сөзінше, жыл сайын 30 келі тастай алады екен. Төрт жыл ішінде қаншалықты қатты азып кеткені белгісіз.

1466615661129995323

Цун бірнеше жыл бұрын салмағы 115 келі болып кеткен кезде физикалық жаттығуларды орындауды бастаған.

“Бастапқыда мен өзімді спортта сынап көргім келді. Мен мұның дәрі ішкенге қарағанда, арықтауға көп пайдасы тигізетінін білдім”, – дейді ол.

1466615493158953931

Енді қытайлық арықтау үшін ойлап тапқан ерекше тәсілінің арқасында Гиннестің рекордтар кітабына кіргісі келеді.

2016 жылы мамыр айында Жаңа Зеландия тұрғыны өзінің арықтау процесін Инстаграмдағы парақшасында үзбей жариялап, оқырмандарымен бөлісіп отырған болатын. Екі жыл ішінде Симон Андерсон 100 келідей тастаған. 25 жастағы Симонның парақшасына 142 мың қолданушы жазылған екен.

Талқылау