Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық ақша өндіру үшін шешініп, тұрақтағы көліктің астына жатып алған (фото)

Қытайда Чжэцзян провинциясының тұрғыны тұрақта тұрған Mercedes көлігінің алдына тырдай жалаңаш шешініп, жатып алды. Оның көздегені көлік иесінен ақша өндіріп алу болған.

қытайлық
31 жастағы азамат жол көлік оқиғасына түсіп қалған адамның рөлін сомдамақ болған. Оқиға куәгерлері көлік орнынан жылжымай тұрып еркектің шешініп, дөңгелектің тұсына жайғасып алғанын айтқан,-деп хабарлайды  lenta.ru сайты.

Көлік иесі тұраққа келген бойда шошып, полиция шақыртқан. Тәртіп сақшылары жігіттің кім екенін анықтай келе, оның бірнеше күн бұрын ғана абақтыдан босап шыққанын анықтаған. Ол бұған дейін осы әрекетіне ұқсас айласы үшін қамауға алынған екен.

Алаяққа қарсы қандай да бір құқықтық жаза болар, болмасы  қазірге белгісіз.

2016 жылдың ақпанында Ұлыбританияның оңтүстігіндегі Саутенд-он-Си қаласында түнгі клубта мас болып қалған азамат шешініп, тас жолға шығып  көліктердің алдын тосқан. Ол өз бағытымен кетіп жатқан көліктерге бокс әрекеттерін көрсетіп, жұртты шошытқан еді.

Талқылау