Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлардың Димаш туралы түсірген қалжың видеосы әлемге тарап кетті (видео)

Аспан асты елінде өтіп жатқан музыкалық байқауда қытайлардың өзін басып озып, айды аспанға бір-ақ шығарған жерлесіміз Димаш Құдайбергенов әлемді өзіне қаратты. Оның талантының алдында жер бетінде 2 миллиардтан аса халық бас иді, мойындады, жоғары бағасын берді.

димашонок

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ал алып держава халқы қазақ әншісі туралы қалжың видео түсіріп, желіде таратып жіберді.

Қытайлық фанаттар видео арқылы Димаштың даусының ерекшелігін көрсетуге тырысқан.

Видеоны алғашқылардың бірі болып жүктеген әнші Фарида Жолдасованың сөзіне сүйенсек, аталған бейнежазба Англия, Жапон, Корей елдеріне таралып кеткен.

“Димаш əнін айтып болғанша қытайлық фанаттары əніне мынадай видео қалжың жасап, таратып жіберген екен. Қызығын қараңыз: Англия, Корея, Жапон елдерінде бір сəтте таралымы 200 миллионға жетіпті”, – дейді Фарида.

Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген. Ал жерлесіміз сайыстың алғашқы турында жеңіс тұғырынан көрінді.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергенов кім?

Димаштың қытайлық фанаттары қазақ тілін үйрене бастады

Баян Мақсатқызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын жариялады

Хитке айналған “Болайық бірге” әнін Қуандық Рахым өзге арумен орындап шықты (видео)

Талқылау