Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлар мұсылмандар үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жайнамаз шығарды (фото)

Бұл туралы журналист Дәурен Омаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бұл жайнамаз мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Отырып-тұруы қиын қарт адамдарға өте ыңғайлы болуы үшін жсалаған.

76e37a4358410e2545c53fdc3912a26d
«Мүмкіндігі шектелген, болмаса жасы келіп, жүріс-тұрысы қиындаған жандарға арналған жайнамаз шығарыпты қытайлар, мұсылман болмаса да. Өте ыңғайлы, жұмсақ. Қапталында құран, тәсбиx салатын қоржыны бар. Бізде мұндайлар жоқ сияқты» – дейді Дәурен.
e46742bfd77136f00744a2b8e2fc603f

Бұған дейін құбыланы өзі анықтайтын, азан шақыратын, құран сүрелерін оқитын жайнамаздар шыққан еді.

74795d5a84a468c2c86a085f0f256411

Жіберіп алмаңыз:

Отандық дәрігер асқынған өкпе ауруларын емдейтін құрылғы ойлап тапты

ШҚО-да анасына хабарласып өзінің адасып кеткенін айтқан мүгедек жігіт сол күйі табылмаған

Араб еліндегі виллалар, Англиядағы есепшоттар: қазақстандықтар табыстарын қалай жасырады?

 

 

Талқылау