Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайға кетіп қалған қазақстандық қызды қытайлардың еңбекқорлығы таңғалдырды

Ақтөбелік Айгерім Данабекова Қытайға оқуға кетіп, сол жақта жұмыс істеу үшін қалған. Оның шетелде тұрып жатқанына 5 жыл болған. Қазір ол – Жібек жолының мәдени мұраларымен айналыстан Icomos халықаралық ұйымының маманы. Бес жыл көлемінде аспан асты елінде тұрып жатқан қазақ қызын қытайлардың еңбекқорлығы таңғалдырған екен, деп хабарлайды “Диапазон” басылымына сілтеп Stan.kz.

Айгерімнің сөзінше, ол мектепті үздік бітіріп, мұнан кейін Еуразия университетіне оқуға түсіп, қытай тілін оқыған. Ол үшінші курстан бастап Астанадағы Конфуций институтында қосымша білім ала бастапты. Бір жылдан кейін оны Сианьдағы шет тілдері институтына қабылдаған. Ал екі жылдан кейін шетелдіктерге қытай тілін оқытушы дипломын алыпты.

«2015 жылы ЖОО бітіріп, жұмыс істеу үшін, Қытайда қалдым. ЖОО-дан кейін ол жақта қалуды көбі армандайды. Бірақ қытай тілін жақсы білу керек. Мен қытай философиясын, мәдениеті мен тарихын оқып жатырмын. …Қазақстандықтар Қытайда модель, музыкант, аудармашы болып жұмыс істеп, саудамен айналысады», – дейді бойжеткен.

Сондай-ақ, Айгерім Қытайда Қазақстанды танытып жүргенін айтты.

«Менен көбіне неге Отаныма оралмай жүргенімді сұрайды. Алайда мен өз елім үшін көп нәрсе жасап жатырмын. Мұндағылар мен арқылы Қазақстан туралы біледі. Мен түрлі көрмелер ұйымдастырып, тарихшы ретінде Қазақстан туралы айтып беремін. Менің есімімнің өзі Қазақстаннан екенімді айтып тұр. Адамдар Қазақстан туралы сұрап, қызығушылық танытып жатады. Бұл жаман ба?» – дейді Айгерім Данабекова.

Айгерімнің сөзінше, ол Қытайда жүріп үйренген ең құнды дүние – еңбекқорлық.

«Менің күн тәртібім қатал. Таңғы 5-те тұрып, үш сағат бойы қытай тілінде оқып, жазамын. Бәрі өз ретінмен болуы керек. Мұндай тәртіпке үйрену қажет. Сонда өмірің де жұмыс сияқты болады.

Қытайда балалардың өзі жұмыссыз отырмайды. Олар кешке дейін мектепте оқиды, мұнан кейін хобилерімен айналысады. Олар бір-бірінен неше плейстейшн немесе қуыршағы бар екенін сұрамайды. Керісінше неше үйрімеге қатысатынын сұрап жатады. Егер баратын үйрімеңнің саны екіден аспаса, мазақтап күледі. Ал егде жастағы адамдар таңертең бір сағатқа көшеге шығып, ән салып, билеп, қытай гимнастикасымен айналысады», – дейді Айгерім Данабекова.

Оқи отырыңыз:

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Талқылау