Қытайға қазақтың жері керек емес: шетелдік Citic Construction компаниясы Қазақстанда бірнеше қиындықтарға төтеп беруге мәжбүр

Ұзақ жылдар бойы жөнделмеген Талдықорған — Өскемен жолдарын қыркүйек айынан бастап қытайлық Citic Construction компаниясы жөндейтін болады. Бір қызығы оларда жол жұмыстарына арналған техника бар болғанымен, жұмысты бастауға рұқсат жоқ. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі компания басшылығымен кездесіп, олардың қандай қиындықтарға тап болғанын анықтады.

Қазіргі мәселелер құжаттарға, карьерге қатысты туындап отыр. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның жеріне қатысты даудың туғаны белгілі. Жер кодексіне бірнеше түзетулер енгізілген еді. Осы өзгертулер бүгінгі компанияның еркін жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр. Citic Construction — шетелдік компания. Ал заң бойынша шетел азаматтарына жер уақытша пайдалануға болсын берілмейді. Егер компания жұмысты бастап, құрылысқа арналған материалдарды, яғни қарапайым топырақты пайдаланса, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңды бұзғандары үшін жазаланады.

Ең басында компания қызметкерлері жолдың жанында жатқан топырақтың сапасын зертханаларына алып барып тексерген. Сөйтіп ешқандай күрделі мәселе тумаған соң, оны жол жөндеу үшін пайдаланғылары келген. Бірақ әзірге оларға мемлекеттік сараптама жұмысты бастауға рұқсат берген жоқ. Ал Citic Construction компаниясының Талдықорған — Өскемен жолдарын қыркүйек айында бастауды жоспарлап отыр. Сондықтан жұмыс істеу үшін топырақ пен тастарды уақытша өзгелерден сатып алуда. Бұл жоба директорының орынбасары Ян Боның айтуы бойынша артық шығын.

“Біз ҚазАвтоЖолмен 2016 жылдың шілде айында келісімге отырдық. Ол кезде заңда шетелдік компанияның атына жерді рәсімдеуге болмайды деген өзгеріс жоқ еді. Біз жерді шолып шығуға рұқсатты үш ай күттік, ал оны атымызға рәсемдеуге болмайтынын білмедік. Қазір топырақ пен тастарды қалтамыздан ақша шығарып, сатып алуға мәжбүрміз. Бірақ мен бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Сұрақ Астанада жоғары деңгейде қарастырылып жатыр. Бұл мемлекеттік жоба ғой. Жерді шолуға рұқсат берілді, енді жұмысты бастауға да келісіміміз болатын шығар”, — дейді ол.

Ян Боның айтуы бойынша, қазақстандықтарға қытайлардың осы мемлекеттегі жұмысы жайлы ақпарат бұрыс берілген. Ел азаматтары Citic Construction қазақ жерін тартып алады деп ойлайды. Бірақ ол қате пікір.

“Егер біз жерді сатып алып, өз игілігімізге пайдалансақ, онда ол басқа әңгіме болушы еді. Біз салынатын жолдан, бірде бір табыс көрмейміз. Барлық жұмысты халық үшін істейміз. Екі жыл бұрын Қазақстанда жерге қатысты дау туды. Осыған байланысты биліктегілер жерді қытайлық компанияның атына рәсімдеуге қорқады деп ойлаймын ”, — дейді Ян Бо.

Егер жолды қазақстандық компания салса, топырақты иеленуге қатысты үлкен мәселе тумайтында еді. Заң бойынша, жергілікті мекеме топырақ пен тастарды пайдаланғаны үшін тек қана салық төлейтін еді.

“Кейбір жеке кәсіпкерлер шетелдіктерге жер берілмейтінін білген соң, жерді өз аттарына рәсімдегілері келеді. Сөйтіп қытайлықтарға топырақ пен тасты қымбат бағаға сатуды көздейді”, — дейді жоба директорының орынбасары.

Citic Construction жұмысқа деп таңдаған аймақтардың бір бөлігі мемлекеттің, екінші бөлігі жеке кәсіпкерлердің меншігінде екен. Осы бойынша компанияның заңгері өз пікірімен бөлісті:

“Біз жекеменшік ұйымдармен келісімге келе аламыз. Бірақ біздің құрылыс сметасына да белгілі бір қаражат мөлшері бекітілген. Сонымен қатар, компания жол жөндеуге арналған топырақты өз аймағынан алу керек деп жазылған. Жекеменшік ұйымдар бізге материалдарды тегін бермейді. Сатып алатын болсақ, шығынға ұшыраймыз,” — дейді ол.

Сонымен қатар, заңгер жолды жөндеу жұмыстары басталмаса да, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері оларға  тексеріспен  келгенін айтты:

“Олар бізге ресми тексеріспен үш рет келді. Жұмыстың қалай жүріп жатқанын жай ғана бақылаймыз деп айтқан. Бірақ бақылаулары шектен шығып тексеріске айналып айналып кетті. Соңғы рет тіпті мемлекеттік органдардың 10 қызметкерінен тұратын комиссия келді ”, — дейді заңгер.

Компания өкілдері жерді рәсімдеу мәселесі жақын арада шешіліп, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес басталады деп үміттенеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар