Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайға қарсы ойнайтын футболдан Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Футболдан Қытай құрамасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі жарияланды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

бчч

Сурет vesti.kz

Қазақстан ұлттық құрамасын бұл матчқа бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов және аға бапкер Нүркен Мазбаев дайындайды. Тізімге енген футболшылар 3-8 маусым аралығында жаттығу жиынына шақырылады.

Қақпашылар: Стас Покатилов (“Ростов”), Владимир Плотников (“Қайрат”) және Давид Лория (“Ертіс”);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко (“Астана”), Юрий Логвиненко (“Астана”), Абзал Бейсебеков (“Астана”), Виктор Дмитренко (“Тобыл”), Ермек Қуантаев (“Қайрат”), Ғафуржан Сүйімбаев (“Ордабасы”), Сергей Малый (“Ертіс”), Елдос Ахметов (“Ертіс”);

Жартылай қорғаушылар: Самат Смақов (“Ақтобе”), Ұлан Қонысбаев (“Атырау”), Бауыржан Исламхан (“Қайрат”), Исламбек Қуат (“Қайрат”), Мақсат Байжанов (“Шахтер”), Азат Нұрғалиев (“Ордабасы”), Мардан Төлебек (“Ордабасы”), Серікжан Мұжықов (“Астана”), Асхат Тағыберген (“Астана”);

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев (“Астана”), Роман Муртазаев (“Ертіс”), Сергей Хижниченко (“Тобыл”).

Қосалқы құрам: Қақпашы: Самат Отарбаев (“Ақтобе”). Қорғаушы: Берік Айтбаев (“Тараз”). Жартылай қорғаушылар: Жакып Кожамберді (“Оқжетпес”), Альмир Мухутдинов (“Тобыл”), Тимур Досмағамбетов (“Тобыл”). Шабуылшылар: Алексей Щеткин (“Астана”) Жасұлан Молдақараев (“Оқжетпес”).

Еске сала кетсек, Қазақстан мен Қытай құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 7 маусым күні Қытайдың Далянь қаласында өтеді.

Талқылау