Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың орталық телеарнасы Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегін таратты

Қытайдың орталық телеарнасы кеше 30 қазан күні сағат 13:00-де Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегінің толық нұсқасын таратты.

20161030095649

 

Бұл туралы Қытай орталық телеарнасының ресми сайтында жазылған.

Онда Алматыда өткен үлкен бокс кеші туралы айтылып, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы кездесуде жеңіске жеткен Қанат Ислам супер орта салмақта (69 кг ред) WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алғандығы жазылған.

20161031131819

Сонымен бірге екі боксшы арасындағы жекпе-жектің толық нұсқасы берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық 7 былғары қолғап шебері қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық кәсіпкер боксшы Назым Қызайбайға үй салып берді

12 жасар Бибісара Асаубаева Ресейдің атынан шығып шахматтан әлем чемпионы атанды

Шетелдік БАҚ Жәнібек Әлімханұлына Головкиннің ізбасары деген баға берді

Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Талқылау