Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай провинциясының бірінде 3 бала тууға рұқсат берілді

Ресеймен шекаралас солтүстік-шығыс қытайлық Хэйлунцзян провинциясы халқының бір бөлігіне әр отбасыға үш балаға дейін тууға рұқсат берді. Жұма күні Sina порталы хабарлағандай, тиісті шешім провинцияның Халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің 25-ші отырысында қабылданды.

normand_1435116617

Сурет: xakac.info 

2015 жылдың соңына дейін кейбір ерекшеліктермен әлемнің ең халқы көп елінде «бір отбасы – бір бала» қағидасы әрекет етті. Қазіргі уақытта ҚХР-да бір отбасында екі бала тууға рұқсат бар, деп хабарлады ТАСС.

Хэйлунцзян қаулысында үш бала тууға рұқсат бірқатар шекаралас елді мекендердің тұрғындарына қолданылады, олардың ішінде Мохэ, Хэйхэ, Тунцзян, Хулинь, Цзидун бар.

Хэйлунцзян провинциясында бұрын қабылданған бала туу туралы ережеге сәйкес үш бала тууға шетелден оралған қытай эмигранттарына және Гонконг, Макао және Тайвань төлқұжаттары бар отбасыларға рұқсат етілген.

Талқылау