Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың ірі банкі Қазақстанға инвестиция салмақ

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев «China Construction Bank» басқарма төрағасы Тянь Голимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сурет: inform.kz

Тараптар Қазақстанның қаржы құрылымдары мен «China Construction Bank» арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Шахрат Нұрышев «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдаудағы қытай қаржы институттарының рөлі туралы айтты. Сонымен қатар ҚР мен ҚХР арасындағы Индустрияландыру және инвестициялар жөніндегі бағдарлама аясында жалпы құны 28 млрд АҚШ долларын құрайтын 51 жобаның іске асырылуы туралы сөз қозғады.

«Жуырда ғана Шанхай қор биржасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы таныстырылған еді. 2018 жылдан бастап «ЭКСПО-2017» базасында Орталық Азиядағы ең ірі қаржы хабы жұмысын бастамақ. Сіздің банкіңізді АХҚО қызметінде белсенді рөл атқаруға шақырамыз», – деді ол.

Ал Тянь Голи еліміздің экономикасына инвестиция салатыны жөнінде айтты. Ол жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін аңғартты.

Тараптар Қазақстанда «China Construction Bank-тің» еншілес банкін ашу мәселесін талқылады.

1954 жылғы 1 қазанда Бейжің қаласында құрылған банктің Қытайда 15 мың бөлімшесі бар. Ал шет елдерде 11 еншілес банкі, 22 филиалы бар екен.

2017 жылы банк «Forbes Global 2000» халықаралық рейтингінде 2-орынға ие болыпты. Ал «Fortune Global 500» рейтингінде 28-орынға жайғасқан.

2017 жылдың мамыр айында банк активтері – 3,01 трлн долларды, нарықтық капиталдандыруы – 200,5 млрд долларды, жылдық табысы – 134,24 млрд долларды (-8,7%), түсімі –  34,98 млрд долларды (-4%) құраған-ды. Аталған банк 3,9 млн заңды тұлғаға және 340 млн жеке клиентке қызмет көрсетеді екен.

Оқи отырыңыз:

Банк банкротқа ұшыраған жағдайда жинақ шотындағы ақшаңызды қалай сақтап қалуға болады

Қазақстанда шенеуніктердің шетелдегі есепшоты жөніндегі банк құпиясы жариялануы мүмкін

БЖЗҚ банкротқа ұшыраған Delta Bank-тан ақшасын қайтара алмай отыр

Ақтөбелік көлік жүргізушілері газ іздеп, сандалып жүр

Талқылау