Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың бірінші ханымы Ахмет Жұбановтың “Қарлығаш” әнін орындап шықты (видео)

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің жұбайы Пэн Лиюань қазақтың дарынды композиторы Ахмет Жұбановтың “Қарлығаш” әнін орындап шыққан. Даңқты саясаткердің әйелі Қытайдағы талантты әрі танымал әншілердің алдыңғы қатарында тұрады.

1719619_20150217150603

Сурет newsru.com сайтынан алынды

Ал ол орындаған қазақ әні WeChat әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен. Бұған дейін де бірнеше қытайлық өнер иелері мен сол жақтағы қазақ қандастар бұл әнді нақышына келтіре орындаған болатын. Алайда көркем әнге бұл жолы, анау-мынау емес, ҚХР төрағасы әйелінің көзі түсіпті.

Талқылау