Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан келген Сайрагүл Сауытбайдың үйіне ұры түсті

Сайрагүл Сауытбайдың үйіне терезесі арқылы ұры түсті.

Бұл туралы журналист Сәуле Әбілдаханқызы желідегі парақшасында жазды.

Айтуынша, Сайрагүлдің үйіне ер адам ұрлыққа түскен. Терезесі алдында ер адамның аяқ ізі жат. Алайда еш нәрсе жоғалмаған.  Сондықтан ұрының мақсаты басқа болды ма деп қорқып отыр.

“Бұл оқиға үш күн бұрын болды. Адвокат Абзал Құспан құзырлы органға хат жазды. Сайрагүлдің қауіпсіздігін сұрады. Ол жақтын әзірге жауап жоқ. Сондықтан бұл жайлы жарияламай тұрайық дедік. Үйден еш зат жоғалмаған. Сол себепті мақсаты басқа болды ма деп те қауіптендік”, – деп жазады Әбілдаханқызы.

Айтуынша, Сайрагүл жергілікті полицияға хабарласқанымен олар Сайрагүлмен таныс емес екендерін айтқан. Ола іздейтіндерін айтып кете барған.

“Сайрагүлдер жергілікті полицияны шақырған. Бірақ олар Сайрагүлдің кім екенін де білмейді, оның жағдайынан да бейхабар екен!.. Бүкіл қоғам болып қызу талқылаған, халықаралық сипат алған істен сол ауылдың полицайы хабарсыз! Негізгі кейіпкерді де білмейді!.. Кәсіби сауатсыздық деген осы… Терезеден кім түскенін көршілер көрген. Полиция кезекті “іздейміз, табамыз”-ды айтып кете барған. Неғылған бейқам мемлекет болдық. Бәріне бәрібір. Сайрагүл – көптің бірі емес, оған “қызығушылардың” саны көп. Оның өміріне. Қазақстан мемлекеті жауап бермесе, басқа кім жауапты? Мен бе? Адвокат Абзал Құспан ба? Мен 3-4 күн “қарауылдадым”.Енді қашанғы олар “қашып” жүруі керек?”, – дейді ол.

Айта кетейік, Сайрагүл бұған дейін сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты. Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды. Сайрагүл үкіметтен босқын мен азаматтық алу үшін көмек сұрады. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау