Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан келген қазақ әйелге тартып алынған 40 мың доллары қайтарылатын болды

Қытайдан келген қандасымыз Гүлжан Мәуітханның кеден бекетіндегі тексеріс кезінде тартып алынған 40 мың доллары қайтарып берілетін болды.

20170717220239

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 сәуірде ҚХР-дан Қазақстанға көшіп келе жатқан кезде одан заңсыз түрде 40 мың доллар тәркіленген болатын. Қытайдағы үйін сатып алған ақшаға, ол Астанадан баспана сатып алмақшы болған.

Кейін Зайсан аудандық соты Гүлжан Мәуітханды кінәлап, оның қаражатын мемлекетке тиесілі деп те қорытынды шығарған. Оған “экономикалық контрабанда” жасады деген айып тағылған. Кейін бұл іс қоғамда үлкен дау тудырып, ақырында істі Бас прокуратура өз бақылауына алған болатын.

Ақырында Гүлжан Мәуітханның әрекетінде “қылмыс құрамы болмағаны анықталып” жауапкершіліктен босатылған. Және оған тәркіленген қаражаты толық қайтарылуы тиіс.

Бұған дейін Қытайдан Қазақстанға көшкен қандасымыздың шекарада 59 мың долларынан айырылып қалғаны хабарланған еді. Тек аз уақыт өткен соң ғана 10 мың доллардан астамы өзіне берілген. Кейіннен әйел ушыққан жағдайға шыдамай ауруханаға да түсіп қалды.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында қоқыс арасынан жаңа туған сәби өлі күйінде табылды

Алматы тұрғыны жігітінің көлігінің сыртына “мен сенен жүктімін” деп жазып кеткен

8,5 миллионды құмар ойынға салып жіберген келіншек өзіне қол жұмсамақ болды

Қазақстандық ене екі келінін татуластыра алмай әлек болып жүргенін айтты

Талқылау