Қытайдан келген қандасымыз әйелін перзентханадан шығару үшін 310 мың теңге төледі

Жұма, 29 Сәуір , 2016 11:05

Павлодарлық тұрғын Бақытбек Әліпбекұлы перзентханаға 310 мың теңгені ақыры төледі. Сөйтіп Қытайдан келген қандасымыз әйелі мен баласын емдеу мекемесінен шығарып алды.

в

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Қомақты қаражатты асарлатып жинағанын айтады. Перзентханада 10 күндей жатқан нәрестесі үшін – 120 мың, зайыбына – 190 мың теңге төлеген.  Бақытбек бұл үшін қорадағы 3 қойын сатыпты. Бірақ, тапқаны 40 мың теңгеден аспаған соң қарызға деп ақша жинаған.

“Елден, көршілерден, ағайын-туыстардан бір апта жүгіріп жүріп, осы ақшаны тауып, заң бойынша төлеу керек деген соң, төлеп болдым. Бұдан кейін ертең бола ма, бүрсүгіні бола ма, өз отбасымнан біреу ауырып-сырқаса, қандай халде боламын мен. Жұмыссыз отырған, баспанам жоқ, екі қолмен еңбек істеп, біреудің малын қайырып отырған адам осындай күйге түссе, не болады!”, – дейді Бақытбек Әліпбекұлы.

Бақытбек Әліпбекұлы 2011 жылы Қытайдан Павлодарға көшіп келген. Содан бері азаматтық ала алмай жүр. Бұған көші-қон заңының бірнеше рет өзгергені себеп, – дейді.

Әуелде бір жылға берілген «оралман куәлігі» 2013 жылғы толықтыруға сәйкес 7 жылға ұзартылған. Ал азаматтық алу Қазақстанда 4 жыл тұрған соң ғана берілетіні жаңа Заңда көрсетілген.

Бірақ, өткен жылы құжат қайта өзгеріске ұшырап, оралман куәлігінің мерзімі 12-і айға қысқартылды. Салдарынан 2011-12 жылдары келген ағайын «оралман мәртебесінен» айырылып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Мемлекттін адамдарына не болған ақшадан басқа тук көрмейма?елім жерім деп келген қарындас бауырларымыз ғой, ананы буйттік мемарандумға пəленбай миллиардқа деген ақшалары қайта кетеди осы. Халық 1% болсын пайдасын көрудеме, салынған уйлер құлап, салынған больницалары жабық тур, аа маман жетіспейді екінің бірі қазыргі танда маман жұмыс жоқ, шал болып пенсия алсада бастық неге?

  • Жұмбақ жан says:

    неге ғана өзіміздің қандас бауырымызды жылатып, сол бір куәлікті алуға зару етемыз. түсынбеймін сонда ел жанашырлары сол быр Оралман заңын қашанға дейін түрлендірмек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар