Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдан 2,5 мың қымбат бағалы ұялы телефонды заңсыз алып кірмек болған

Ахунджан есімді азаматтың халықаралық сауда орталығынан мініп келе жатқан «Тойота» автомашинасын қарау кезінде, көлік салонынан жарияланбаған 2508 дана қымбат бағалы ұялы телефондар табылды.

Хоргос

Бұл туралы STAN.KZ ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық-қытайлық шекарада орналасқан халықаралық сауда орталығының (Қорғас) шекара нарядының қырағылығының арқасында Қазақстан Республикасының 1964 жылы туған «Ахунджан» деген азаматы ұсталды.

Оның халықаралық сауда орталығынан мініп келе жатқан «Тойота» автомашинасын қарау кезінде, көлік салонынан жарияланбаған 2508 дана қымбат бағалы ұялы телефондар табылды.

Аталған іс ҚР ҚК 234 бабының 1-тармағы бойынша Ақпаратты тіркеу журналына тіркелді.

Талқылау