Қытайдағы жасөспірімдер некесі: қыздар 13 жастан тұрмыс құруға тырысады (фото)
13 жастағы Цзе 18 жастағы Вэня есімді жігітпен танысқанына үш күн болған кезде жүкті болып қалып, оған тұрмысқа шығуға келісімін берген. Фатограф Му Цзи Қытайдың оңтүстігіндегі ерте некелескен отбасылардың жағдайымен танысып қайтқан еді.
Қытай заңында әйелдерге 20, ерлерге 22 жаста ресми некеге тіркелуге рұқсат береді. Тұрғындардың көпшілігі бұл заңға құлақ аспастан ертерек отбасын құруға тырысады екен. Осының салдарынан қазір Қытайда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан балалардың саны көп. Олардың ерте отбасын құрған ата-аналары қалаға жұмыс істеп, ақша табу мақсатында кетіп қалады екен.
Осыған дейінгі «бір отбасына-бір бала» саясатының кесірінен қазір елде ерлер саны артып кеткен. Олар ертерек қалыңдық таңдап қалмаса, кейін мүлде таппай қалуы мүмкін.
Көп жағдайда жастайынан отбасын құрған балалар ата-аналарының есебіне өмір сүреді. Қытай әйелдерінің қоғамдық рөлі айтарлықтай шектелген. Олар уақытының барлығын үй жұмыстары мен бала бағуға арнайды. Қыздар да өзі таңдаған жігітке ертерек тұрмысқа шығып кетуге тырысады. Ұзақ жүріп қалар болса ата-аналары тауып берген азаматпен тұруға мәжбүр болады екен.
16 жастағы Цай және 17 жастағы Мин 2013 жылы болған тойға дейін үш ай кездесіп жүрген. Енді олар Миннің ата-анасының қолында тұрып, солардың қаржысына өмір сүруде. Оның анасы бала бағуды өз мойнына алған. Тіпті нәрестені тыныштандыру үшін өз емшегін емізеді екен.
16 жастағы Сяо Цай екі айлық баласын Юньнань провинциясына қарасты Менгла ауылында бағып жатыр. Оның тұрмысқа шыққанына қазір бір жыл болған. Ол бесінші сыныптан әрі қарай білім алуын тоқтатқан. Себебі әрі қарай мектепке қатынауға мүмкіндігі болмапты.
13 жастағы Сяо Цзе 18 жастағы жігітпен үш күн кездескеннен кейін-ақ тұрмысқа шығып кеткен. Енді олар ата-аналарының үйінде тұрады. Ал үйдің үлкендері болса бұл жерден 1, 500 шақырым жерде жұмыс істеп осылардың тамағын тауып беруге тырысады.
Әлеуметтанушылар Қытайдың ауылды жерлерінде жастайынан тұрмыс құру әдетінің бұрыннан барын айтады. Енді осы дәстүр «Бір отбасына-бір бала» саясаты алынғалы қайта жаңғырып жатқанын айтады.
17 жастағы Сяо Мин ана сүтін шығаратын құрылғыны ұстап тұр, ал оның анасы мен 16 жастағы әйелі баласына қарап жатыр.
13 жастағы Цзе осылай ерте ана атануды қаламаған. Дегенмен қорғануды білмеген қыз ойламаған жерден бала күтіп отыр.
Цзе және оның 16 жастағы жүкті қайын әпкесі туыстарының ішіп отырғанын тамашалап отыр.
16 жастағы Сяо Цайдың енесі баласын емізеді. Баланы бағып, тамақтандырумен көп жағдайда әжесі айналысады екен.
7 жасар Сяо Юань көршінің терезесінен далаға қарап тұр. Оны анасы 17 жасында дүниеге әкелген. Қытай балалары 6 жасында мектепке баруға міндетті, бірақ Сяо әлі мектепке барып көрмепті.
18 жастағы Вэнь өзінің 13 жастағы келіншегінің қарнын сипап отыр. Әйелі тұрмыс құрып, бірге тұрудың қызықсыз екенін айтып жатыр.
Жасөспірім болашақ ана Мэй баласына деген екі кәмпитті ұстап тұр. Ал оның күйеуі Цзянь кереуетте жатыр.
Болашақ әке жүкті әйелінің ішіндегі нәрестенің қиымлын тыңдап тұр.