Қытайдағы жасөспірімдер некесі: қыздар 13 жастан тұрмыс құруға тырысады (фото)

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 20:04

13 жастағы Цзе 18 жастағы Вэня есімді жігітпен танысқанына үш күн болған кезде жүкті болып қалып, оған тұрмысқа шығуға келісімін берген. Фатограф Му Цзи Қытайдың оңтүстігіндегі ерте некелескен отбасылардың жағдайымен танысып қайтқан еді.

қытай13

Қытай заңында әйелдерге  20, ерлерге 22 жаста ресми некеге тіркелуге рұқсат береді. Тұрғындардың көпшілігі бұл заңға құлақ аспастан ертерек отбасын құруға тырысады екен. Осының салдарынан қазір Қытайда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан балалардың саны көп. Олардың ерте отбасын құрған ата-аналары  қалаға жұмыс істеп, ақша табу мақсатында кетіп қалады екен.

қытай6

Осыған дейінгі «бір отбасына-бір бала» саясатының кесірінен қазір елде ерлер саны артып кеткен. Олар ертерек қалыңдық таңдап қалмаса, кейін мүлде таппай қалуы мүмкін.

қытай22

Көп жағдайда жастайынан отбасын құрған балалар ата-аналарының есебіне өмір сүреді. Қытай әйелдерінің қоғамдық рөлі айтарлықтай шектелген. Олар уақытының барлығын үй жұмыстары мен бала бағуға арнайды. Қыздар да  өзі таңдаған жігітке ертерек тұрмысқа шығып кетуге тырысады. Ұзақ жүріп қалар болса ата-аналары тауып берген азаматпен тұруға мәжбүр болады екен.

қытай15

16 жастағы Цай және 17 жастағы Мин 2013 жылы болған тойға дейін үш ай кездесіп жүрген. Енді олар  Миннің ата-анасының қолында тұрып, солардың қаржысына өмір сүруде. Оның анасы бала бағуды өз мойнына алған. Тіпті нәрестені тыныштандыру үшін өз емшегін емізеді екен.

қытай26

16 жастағы Сяо Цай  екі айлық баласын Юньнань провинциясына қарасты  Менгла ауылында бағып жатыр. Оның тұрмысқа шыққанына қазір бір жыл болған.  Ол бесінші сыныптан әрі қарай  білім алуын тоқтатқан.  Себебі әрі қарай мектепке қатынауға  мүмкіндігі болмапты.

қытай29

13 жастағы Сяо Цзе 18 жастағы жігітпен үш күн кездескеннен кейін-ақ тұрмысқа шығып кеткен.  Енді олар ата-аналарының үйінде тұрады. Ал үйдің үлкендері болса бұл жерден 1, 500 шақырым жерде жұмыс істеп осылардың тамағын тауып беруге тырысады.

қытай3

Әлеуметтанушылар Қытайдың ауылды жерлерінде жастайынан тұрмыс құру әдетінің бұрыннан барын айтады. Енді осы дәстүр «Бір отбасына-бір бала» саясаты алынғалы қайта жаңғырып жатқанын айтады.

қытай21

17 жастағы  Сяо Мин ана сүтін шығаратын құрылғыны ұстап тұр, ал оның анасы мен 16 жастағы әйелі баласына қарап жатыр.

қытай20

13 жастағы Цзе осылай ерте ана атануды қаламаған. Дегенмен қорғануды білмеген қыз ойламаған жерден бала күтіп отыр.

қытай19

Цзе және оның 16 жастағы жүкті  қайын әпкесі туыстарының ішіп отырғанын тамашалап отыр.

қытай18

16 жастағы Сяо Цайдың енесі  баласын емізеді. Баланы бағып, тамақтандырумен көп жағдайда әжесі айналысады екен.

қытай17

7 жасар Сяо Юань  көршінің терезесінен далаға қарап тұр. Оны анасы 17 жасында дүниеге әкелген. Қытай балалары 6 жасында мектепке баруға міндетті, бірақ Сяо әлі мектепке барып көрмепті.

қытай16

18 жастағы  Вэнь  өзінің 13 жастағы келіншегінің қарнын сипап отыр. Әйелі тұрмыс құрып, бірге тұрудың қызықсыз екенін айтып жатыр.

қытай14

Жасөспірім болашақ ана  Мэй баласына деген екі кәмпитті ұстап тұр. Ал оның күйеуі Цзянь кереуетте жатыр.

қытай13

Болашақ әке жүкті әйелінің ішіндегі нәрестенің қиымлын тыңдап  тұр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Мə не деген сұмдық Қазақстанда бұндай болмасын құдай сақтасын бадаларды ерте кім тұрмысқа береді?а сұмдық

  • Жұмбақ жан says:

    Өздері жер бетіне сыймай жатып,бала тапқыш екен…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар