Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы ең бай әйел төрт күнде 2 миллиард доллар тапты

Қытайдағы ең бай әйел Ян Хуэйянь 2018 жылы 2,06 миллиард долларға байыды. Bloomberg сарапшы мамандарының есебіне сүйенсек, биржадағы жұмысының арқасында Хуэйян қаржысын $23,6 миллиардтан $25,6 миллиардқа дейін жеткізген.

Бұл туралы РБК басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Bloomberg миллиардерлер тізімінде (Bloomberg Billionaires Index) Хуэйянь 31-орынға көтерілді. Осылайша ол 2018 жылы табысын көбейткен кәсіпкерлердің үздік ондығына кірді.

Сондай-ақ, Хуэйянь Қытайдағы ең жас миллиардерлер тізімінде 5-орында тұр. Бұл “бәсекеде” ол Ван Цзяньлинге есе жіберіп қойды.

Айта кетейік, 2017 жылдың соңында UBS пен PwC сарапшылары жариялаған зерттеу нәтижесіне сәйкес, тарихта алғаш рет Азия миллиардерлерінің саны АҚШ-тан асып түскен.

Жіберіп алмаңыз:

Циркте өнер көрсетіп жатқан гимнаст қыз биіктіктен жерге құлап кетті

104 жастағы кейуана ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті

Балалар үйінің қызметкерлері 118 баланы жасырын зорлап келген (фото)

Жігіттің соңғы тілегі орындалып, 2 күннен кейін қайтыс болды

Талқылау