Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жыртқыш жануармен селфи жасамақ болған ер адам қайтыс болды

Қытайдағы Ляонин провинциясындағы зообақта сояу тісті теңіз жануарымен суретке түспекші болған екі адам қайтыс болды.

14

Сурет uhtazoo.ru

Зообаққа келген ер адам жануармен суретке түсіп, оны WeChat мессенджері арқылы достарына жібермек болыпты. Алайда қытайлық жануардың фонында бірнеше мәрте суретке түсіп жатқан кезде, жыртқыш оның арқасына қарай секіріп шабуыл жасап, бассейнге алып ұрған.

Осы кезде жануарға 10 жылдан бері қарап келе жатқан ер адам зардап шегушіні құтқару үшін, бассейнге секірген. Алайда екеуі бірдей суға батып кеткен. Зообақ қайтыс болған адамға 137 мың доллар көлемінде өтемақы төледі.

Талқылау