Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жыннан аластаймыз деп әйелді отқа қақтаған

Қытайдың Сычуань провинциясында екі дуагер әйелді бөшкеге салып күйдірген.

1456748575_censorship

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Өздерін сиқыршы санайтын екі адам әйелдің бойындағы жын-пері мен ауруды аластап тастау үшін осындай әрекетке барған. Жергілікті тұрғын бірнеше жыл бойы өз бойындағы қиындықтармен алысып келіпті.

Сенбі күні әйелдің айқайлаған дауысын естіп ауыл тұрғыны жүгіріп келеді. Әйелдің қиын жағдайын байқағаннан кейін, бойында тылсым күштері бар деп екі адамды шақыртады. Олар, айқайлаған адам емес, оның денесіне кіріп алған жын деп айтады. Сосын жыннан арашалаймыз деп, сиқыршылар бөшкеге салып күйдіруге кірісіп кеткен.

Әйелді бірнеше уақыттан соң босатқан кезде, оның беті қап-қара болып тотығып кетіпті. Ол тіпті аяққа да тұра алмаған. Дәрігерлер келемін дегенше зардап шегуші қайтыс болған.

Талқылау