Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жігіт жас сәбиін iPhone алу үшін сатып жіберген

19 жастағы қытайлық Дуань туған баласын сатқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды The Epoch Times.

Жаңа туған сәби қызын жігіт бір жыл бұрын анасының келісімінсіз сатып жіберген. Қолға тиген ақшаға жұмыссыз әке iPhone сматрфонын және мотоцикл сатып алған.

Баланы сатып алушыны ол ғаламтордан тапқан, баланың құнын 3 500 долларға бағалаған.

Тәртіп сақшылары сәбиді сатып алушының оны баласы жоқ қарындасына бермек болғандығын анықтады.

Осы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, айыптының суреттері жергілікті БАҚ-та жарияланған кезде Дуань полицияға өз еркімен келіп берілді. Ал, сәбидің анасы мүгедек бауырына күтім жасайтындықтан оған шартты түрде жаза тағайындады.

ҚазАқпарат

Талқылау