Қытайда жүк көлігі бір топ адамды қағып, 13-і қаза тапты
Қытайдың Синъи қаласында (Гуйчжоу провинциясы, Оңтүстік Қытай) жүк көлігі бір топ адамды қағып, олардың 13-і мерт болды, 12 адам жарақаттанды.
Фото: gorod48.ru
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
Қозғалыс кезінде жүк автомобилінің тежегіші істемей қалған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, адамдарды қағып, аударылды.
Жарақаттанғандар ауруханаға жіберілді. Оқыс оқиғаның өзге анық-қанығы айтылмай отыр, деп жазады Синьхуа.
Оқи отырыңыз:
Таразда ел чемпионатының жеңімпазы болған екі велошабандозды жүк көлігі қағып өлтірді
Талқылау