Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жүк көлігі бір топ адамды қағып, 13-і қаза тапты

Қытайдың Синъи қаласында (Гуйчжоу провинциясы, Оңтүстік Қытай) жүк көлігі бір топ адамды қағып, олардың  13-і мерт болды, 12 адам жарақаттанды.

4bc7544b2579956dc1177160cda63b9d

Фото: gorod48.ru

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Қозғалыс кезінде жүк автомобилінің тежегіші істемей қалған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, адамдарды қағып, аударылды.

Жарақаттанғандар ауруханаға жіберілді. Оқыс оқиғаның өзге анық-қанығы айтылмай отыр, деп жазады Синьхуа.


Оқи отырыңыз:

Таразда ел чемпионатының жеңімпазы болған екі велошабандозды жүк көлігі қағып өлтірді

 

Талқылау