Қытайда ұзақ мерзімге сотталып елге оралған жерлесіміз ұшақтан түскен бойда жылап жіберді

Жұма, 1 Сәуір , 2016 21:55

Қытайда істі болған отандастарымызды елге қайтару ісі жалғасуда. Бүгін осы елден тағы екі қазақстандық Алматыға жеткізілді, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

ы

Қос қылмыскер 6 жыл бұрын есірткі тасымалдағаны үшін 19 және 20 жылға сотталған екен. Енді олар қалған жазасын елімізде өтейді. Естеріңізге салсақ, бір ай бұрын да Қытайдан төрт отандасымыз экстрадицияланған болатын.

Бейжіңнен ұшып шыққан әуе кемесі бүгін таңертең Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бортында өзге жолаушылардан бөлек қос бірдей қылмыскер бар. Қытайда қылмыс жасап, жиырма жыл жаза арқалағандарды күшейтілген күзетпен тәртіп сақшылары күтіп алды. Жат жерде 6 жылдан бері абақтыда отырған Виктория Зеленкина туған жерге табаны тигенде көзіне жас алды.

Виктория мен Жарадат Омарова 2010 жылы Үндістаннан Қытайға есірткі алып өткені үшін ұсталған екен. Сот шешімімен бірі 20, екіншісі 19 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Сонда да үмітін үзбегендер енді елге оралды.

“2010 жылы мені есірткі тасмалдағаным үшін Бейжіңде қамауға алды. Қалтамда 610 грамм героин болған. Оны маған Өзбекстан азаматтары Үндістаннан Қытайға жеткізіп беруді сұраған еді. Ақысына екі мың доллар береміз деген, – дейді жазасын өтеуші Виктория Зеленкина.

Алайда ақшаға алданып, Қытай түрмесіне түскен отандастарымыз жазадан жалтара алмайды. Енді қос келіншек те жасаған қылмыстары үшін Қазақстан заңдарына сай жауап беретін болады.

“Қазір қос азаматша Алматы қаласының уақытша қамау абақтысына жөнелтіледі. Ары қарай қылмыстық атқару жүйесі комитетінің шешімі бойынша еліміздегі түзеу мекемелерінің біріне қамалады, – дейді ҚР Бас прокуратурасы халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Әлжан Нұрбеков.

Қазір Қытай түрмесінде тағы он отандасымыз отыр. Олардың үшеуі жақында жазасын толық өтеп бостандыққа жіберіледі. Ал қалғандарын Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура елге жеткізуге күш салып жатыр. Себебі екі ел арасында сотталғандарды қайтару туралы арнайы келісім-шарт бар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар