Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда туыстары өлді деп жүрген қыз 10 жылдан кейін интернет-кафеден табылған

Қытайда 10 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып, өлдіге саналған қызды полицейлер интернет-кафеде компьютер ойынын ойнап отырған сәтінде тапты.

компьютер

Чжэцзян провинциясында өмір сүрген қытайлық қыз 14 жасында ата-анасымен ұрысып қалғаннан кейін үйінен қашып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Кейін қыздың осы жылдар бойы интернет-кафелерде болып келгені анықталған.

Полицейлер бойжеткенді Ханчжоудегі интернет-кафеден тапқан. Ол жеке куәлікті қолдан жасаған. Тәртіп сақшыларына үйінен кеткелі бері интернет-кафеде өмір сүргенін өзі айтқан. Ол онлайн-ойындар ойнаумен болғанын да жасырмаған. Бождеткенге ақшаны оған аяушылық білдірген бейтаныс адамдар беріп тұрыпты.

Құқыққорғаушылар қолдан құжат жасағаны үшін 1000 юань айыппұл салғаннан кейін оны ата-анасына беруді шешіп, хабарласқан. Ата-анасы болса енді ешқашан қыдарын ұрыспаймыз деп отыр.

 

Талқылау