Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда тек қазақ тіліндегі кітап үйі ашылды

Әр салада тізгін ұстаған азаматтардың ынтымағының арқасында, 2016 жылы 7 мамыр күні Шыңжаңның Іле аймағына қарасты өр Текесте тұңғыш рет «Қыран» кітап дүкені оқырманға есігін ашты.

с

 

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Қыран» атты бұл кітап дүкені орталық «Ұлттар» баспасы қазақ редакциясының демеуінде, Моңғолкүре аудандық партком үгіт бөлімінің жетекшілігінде және қонақай базарында жеке кәсіппен шұғылданып отырған Нұрқадыр Жақуанұлының ат салысуымен ашылды.
Лента қию салтанатынан соң,  басшылар мен оқырмандар «Қыран» кітап дүкенін көзбен шолып шықтыі. Өр Текес атырабындағы оқырмандарды кілең қазақ тіліндегі алуан мазмұнды 680 түрлі кітаппен қамтылған бұл кітап үйі қонақай базарынан орын алды. Демек, бұл Моңғолкүредегі оқырмандар үшін қолайлы кітап сатып алу мүмкіндігін беріп, кітаптың қорларын оқырмандар қолына тікелей табыс еткен бір елеулі қимыл болып есептелді.
Шетелде жүрсе де өзінің ана тілі мен салт-дәстүрін сақтау мақсатында жұмыс жасап жүрген қандастардың берекелі жұмысы көңіл қуантары сөзсіз.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда қазақтың ұлттық киімдерін тігетін мектеп ашылды

Талқылау