Қытайда тегін оқу оқып, жеңіл жүріске түсетін қазақ қыздарының саны көбейген

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 9:02

Білім аламын деп Қытайға аттанған қазақ жастары ол жақта біз ойлағандай білім іздеп жүрген  жоқ екен. Белгілі журналист көрші мемлекеттегі танысы арқылы біраз жайға қанық болған.

13401799

Бұл туралы танымал журналист Арман Әубәкір өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды. Онда ол Қытайдың Нанкин қаласында оқитын Нұрсұлтан есімді жігітпен әңгімелесіп, көпшілік біле бермейтін біраз жайтқа көз жеткізгенін жазады. Ол жақтағы жоғарғы оқу орындарында қытай ұстаздар бағаны да оңай қойып бере салады екен, тіпті арнайы бөлген гранттары да көп көрінеді.

“Тегін грантты алғанымен қоймай, оқу оқу жеңіл болған соң арқасын кеңге салып түнгі клубтарды аралайтындар көп. Қыздардың көбі мектепті бітіре салған сарыауыздар. Магистранттар, докторанттар шамалы ақыл тоқтатқан, сабырлы болады. Мектепті аяқтай салып шетелге оқуға түсіру қате екеніне әбден көзім жетті. Қазақ қыздарының ар-намысы үшін күресіп жүрміз. Бірақ, нәтижесі шамалы. Әке-шешесі болса, балам оқу оқып жүр деп сенеді. Қазақстандағы ата-аналарға осы мәселені жеткізгім келеді. Мүмкін болса, ата-аналар қыз балаларын шетелге оқуға жіберуден бұрын бір сәт ойланса екен”,- дейді Нұрсұлтан.

Автор Қытайдағы танысынан шетелдіктердің қазақтардың “асты-үстіне” түсіп, жағдайын жасауы неліктен деп сұрауды да ұмытпаған: Сондағы батпан құйрықтың астында не тұр?

“Біріншіден, шетелдіктер (қазақтар) қытай тілі мен дәстүрін үйренгенінің өзі олжа. Екіншіден, шетелдіктердің білімді болғаны оларға мүлде қажет емес. Қазақстанда мықты математикалық мектепті бітірген жастар төрт жылда бар білгенін ұмытып, мақау болып жатыр деп айтты Нұрсұлтан”, – дейді журналист.

Нанкин университетінде білім алып, мәдени шараларды ұйымдастыруға белсене араласатын, қазақ қыздарының ар-ұяты үшін күресіп жүрген студент, өкінішке орай жеңіл жүріске құмар қазақ қыздарының саны азаймай тұрғанына қынжылыс білдіріпті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар