Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбай қазір немен айналысып жүр

Ақжарқын Тұрлыбай Қытайда 4 жылдан бері қамауда. Оның қазіргі халі туралы сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ақжарқын Тұрлыбай

Бұл туралы Sputnik хабаралйды.

“Оның жағдайы жақсы, әдеттегідей біздің консул оған жиі барып тұрады. Кітап, тамақ, сұраған нәрсесінің барлығын апарады. Қазір ол француз, ағылшын тілдерін оқып жатыр. Сосын қасындағы Қытай азаматтарына ағылшын тілін үйретіп жүр. Өзі қытай тілін жетік меңгеруде. Біз Қытай сотының шешімін күтіп отырмыз. Қытай сотының отырысы әлі өткен жоқ”, — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.

2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кетті. Ақжарқын бір жылдан аса сот үкімін күтіп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау