Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда сорпаға түскен егеуқұйрық үйлену тойының шырқын бұзды

Қытайда үйлену тойы құрметіне мейрамханаға келген қонақтар күтпеген жәйтке тап келді. Даяшылардың легі келіп, үстел басына иісі мұрын жаратын түрлі ас-дәмді қойып өтті. Бірақ, тамақтан ауыз тимек болған жұрт созған қолдарын кенеттен кері тарта қойған.

bc41d61c0f97510be7c9ee324185266a_L

Сурет blogspot.com сайтынан алынды

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Сөйтсе, алуан түрлі дәмді аспен бірге үстелдің қақ ортасына қойылған сорпаның бетінде дөңкиген семіз қара егеуқұйрық жатыр екен. Бастапқыда аң-таң қалысқан жұрт көп ұзамастан, бір ауыздан жиналып, мейрамханадан үйлеріне тарап кетіпті.

Мұнысы аздай, кетер алдында бір қонақ өлі кеміргіш жатқан сорпаны қалта телефонға түсіріп, Тамақтану қауіпсіздігі жөнінен басқарманың жергілікті бөлімшесіне салып жіберген. Сол күні жетіп келген басқарма өкілдері мейрамхананы шұғыл тексеріп, «сорпадан өлі кеміргіштің шыққаны болмаса, бұл жерде жұқпалы ауру тарау қаупі жоқ» деген қорытынды жасап, асығыс кетіп қалды. Ал мейрамханадағы даяшылар мен аспаздар болса, егеуқұйрықтың сорпада қайнап өлгенін немесе қайнап, дайын тұрған асқа батып өлгенін осы кезге дейін біле алмай, сөз таластыруда екен.

SUN

Талқылау