Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда селфиқұмар пилот ұшу сапарларынан шеттетілді

Қытайдағы Weibo әлеуметтік желісінде жаңа жұлдыз пайда болыпты. Энди атты ұшқыштың Weibo-сына 72 мың адам жазылып қойған.

вмвмвмвм

Сурет airline.ee

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Жуырда Air China компаниясының осы пилоты әуеге көтерілмес бұрын кабинада отырып, қайта-қайта селфиге түскені үшін ұшу сапарларынан шеттетілді. Себебі ол Weibo желісіне осы суреттерді тым жиі жариялауды әдетке айналдырған.

Селфиқұмардың бұл қылығын біліп қойған Air China компаниясы оны ұшу сапарларына шығудан шеттетті. Қазір осыған байланысты ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, тергеу басталысымен пилот әлеуметтік желіден өз парақшасын өшіріп тастаған.

Ал Air China компаниясы өкілдерінің айтуынша, Эндидің бұл әдеті “оның ұшу барысындағы көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін”. Компания Эндиді осы әрекеттері үшін қатаң жазалайтынын мәлімдеді.

Талқылау