Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда робот математикадан ұлттық емтихан тапсырады

Қытайда 7 маусымда AI-MATHS роботы басқа талапкерлермен қатар математика колледжіне түсу емтиханын тапсырып көрмекші.

46856789703d31ca5860652d86462c3e_L

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Роботты 2015 жылы жасап, кейін жетілдіріп келе жатқан AI Chengdu Zhunxingyunxue Technology компаниясының мәлімдеуінше, ол 10 мыңға жуық математикалық тапсырмаларды шешіп үйренген. Наурыз айында робот математикалық тестке қатысып, 150-ден 93 балл жинаған. Ал оқушылар жинаған балдың орташа көрсеткіші – 106.

Құрастырушылардың айтуынша, робот инвестициялар сынды терминдер кездесетін кей тапсырмаларды дұрыс түсінбеген. Дегенмен олар AI-MATHS бұл жолы 110 балл жинайды деп күтуде.

Қытайдағы Ғылым және технология министрлігінің жоспарына сәйкес, 2020 жылға қарай елде әлемнің кез келген университетіне емтихан тапсыра алатын роботтар құрастырылуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Шейх жариялаған тегін шопингтің соңы талас-тартысқа ұласты (видео)

ВВС Жетісудің сұлу табиғаты туралы ролик түсірді (видео)

Астана тұрғындары аспаннан “үлкен көзді” байқап қалды

Біртуған бауырларды ажыратқысы келмеген жұп 5 баланы бір-ақ асырап алды

Талқылау