Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда пойыз тұрғын үйдің ішімен жүріп өтеді (фото)

Қытайдың Чунцин аймағында жолаушылар пойызы тұрғын үйдің ішімен жүріп өтеді. Ал тұрғындар пойызға Лизиба станциясында отыра алады.

2159

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Пойыз рельсі тұрғын үйдің 19-қабатында орналасқан. Мұнымен қатар, тұрғындар пойыздың шуылын естімейді. Оның даусын арнайы құрылғы тұншықтырып тұрады. Бірақ кей адам пойыз салдарынан басының ауыратынын айтып шағымданған-ды.

3109

Тұрғындар мен пойыз рельсін салушылар осындай ортақ шешімге келген болатын. Яғни тұрғын үй толық бұзылмай, пойыз тек оның белгілі бір қабаты арқылы ғана жүріп өтетін болды.

r1

«Біздің қалада ине шаншыр орын жоқ. Сол себепті пойыз рельсіне арналған жолды табу қиынға соқты», – дейді қалалық транспорт департаментінің өкілі.

r3

Қытайдың Чунцин қаласында 80 мың шаршы метрде 49 миллон адам тұрады. Ол – Орталық Қытайдағы ең үлкен төрт қаланың бірі. Ол Янцзы және Цзялинцзян өзендерінің орнында орналасқан. Оны кейде «Таулар қаласы» деп атайды.

Талқылау